Шымкентте бір-бірімен төбелескен тәртіп сақшылары жұмыстан аластатылды

КТК
Полицияның имиджіне нұқсан келтіргені үшін екеуін де жұмыстан аластатып, резервке қойыпты.

Жан-жағы ашық стационарлық бекетте болған өзара жанжалды көшеден өтіп бара жатқан тұрғындар видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желіге cалған. Осы оқиғаға қатысты полиция қызметкерлері жұмыстан уақытша шеттетілді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Оқиға түнгі сағат бір шамасында Шымкенттің орталығындағы полиция дүңгіршегінде болған. Бір ауысымда істейтін қос сақшының не бөлісе алмай қалғаны түсініксіз. Тар дүңгіршектің ішінде екеуі бір-бірінің жағасына жармасқан. Бұл видео әлеуметтік желіге тараған соң, полиция департаменті бірден қос қызметкердің ісін тәртіптік кеңесте қарады. Төбелескен әріптестер бір-біріне нағашы мен жиен екен. Іші пысқан екеуі жәй ғана ойнадық деп отыр", деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бірақ полицияның имиджіне нұқсан келтіргені үшін екеуін де жұмыстан аластатып, резервке қойыпты. Ал желіні шулатқан тәртіп сақшыларын бір жерде істейтін әріптестері танымайтын болып шықты.

"Біз ол жайлы білмейді екенбіз. Біз таңертең сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жұмысқа түстік. Постты қабылдап алған кезде постта сынған ештеңе анықталған жоқ. Ол жігіттердің бетінде қан немесе көгерген із болмады. Ештеңе де жоқ. Бәрі дұрыс", - деді полиция лейтенанты Құдабай Орынбек.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

ҚМА барлық қазақстандықтарға шұғыл мәлімдеме жасады