Шымкент қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бастығы Асқар Қаныбеков Instagram-да "аса ірі көлемде ақша жымқырылды" деген өзіне қатысты жарияланған хабарламадан кейін видео үндеу жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.
"Құрметті әлеуметтік желілерді пайдаланушылар! Бүгін "Чиновник" Телеграмм-арнасы маған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары тіркелгені туралы хабар таратты.Аталған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін назарларыңызға сала отырып, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексіне сай тағылған айыпты теріске шығару жөнінде шаралар қолданатынымды хабарлаймын", делінген жазбада.
Сондай-ақ ол қазір қызмет бабының талабына сай, жұмыс орнында отырғанын да жеткізеді.
Қаныбеков Elitar.kz басылымына да жұмыс орнында отырғанын растады
Қылмыстық іске келетін болсақ, ол шынымен де тіркелген болып шықты, бірақ ол субсидия бөлу жайына қатысты.
Өздеріңіз білетіндей, Президенттің тапсырмасымен Шымкентте Көлік-логистикалық орталығы салынды, оған қазірдің өзінде 15 миллиард теңге жұмсалған. Ол жаңа салқындатқыш жабдықтарымен, көкөніс сақтау қоймасымен жабдықталған. Соған қарамастан, уәкілетті орган тысқа шықпай-ақ, бір орнында отырып, КЛО ашуға субсидиялар заңсыз берілген, қазіргі заманғы жабдықтар ол арада жоқ, ғимарат жаңа емес, ескі деген қорытынды шығарады. Заңға сәйкес, біздің басқарма Continental Logistics-тен ақшаны қайтару туралы сотқа жүгінді. Бірінші сот отырысы 8 ақпанда өтеді, - депті Асқар Қаныбеков басылымға берген сұқбатында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұған дейін "Чиновник" Телеграмм-арнасы Асқар Қаныбековке, сондай-ақ "Континенталь Логистик Шымкент" ЖШС директоры Н.Темирболатовқа және басқа адамдарға қарсы,189-баптың 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелген деген ақпаратты жариялады.
Телеграммның хабарлауынша, олар 2020 жылдың сәуір айында "Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту" мемлекеттік бағдарламасы аясында жеміс-көкөніс сақтау қоймаларын салу үшін бөлінген 178 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатын ұрлауға жол берген.
Асқар Қаныбеков бірқатар БАҚ пен Telegram каналына қатысты ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау туралы өтінішпен құзырлы органдарға жүгінуге мәжбүр болғанын айтты.