Кейбір БАҚ Алматы облысында дәрігерлерді вакцинациядан бас тартқаны үшін "жұмыстан шығарамыз" деп қорқытып жатқандарын жазуда. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.
Exclusive.kz порталы өз дереккөзіне сілтеме жасай отырып, Талдықорған қаласының No2 емханасында қызметкерлерді Sputnik V вакцинасынан бас тартқаны үшін "жұмыстан шығарамыз" деп қорқытуда деп хабарлады. Басылымның мәліметінше, дәрігерлер екпе кезінде бір медбике есінен танып қалған соң вакцинациядан бас тарта бастаған. Бұл жайтқа қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы пікір білдіріп, №2 емхана коронавирусқа қарсы вакцина алатын бірінші қатардағы меекеме емес екендігін жеткізді.
Сәйкесінше, COVID 19-қа қарсы вакцинациядан бас тартуға байланысты қызметкерлерді "жұмыстан шығарамын" деп қорқыту болған жоқ және болмайды да! - делінген ресми хабарламада.
Хабарламада вакцинациядан кейін ауырып қалған медбике туралы да айтылады.
Оған 2 ақпанда екпе салынған. Sputnik V вакцинасын қабылдағаннан кейін оның қан қысымы көтерілген. Науқас А-ға жедел жәрдем шақырылады. Сөйтіп ол Талдықорған қалалық ауруханасына жеткізіледі, ол жедел жәрдем бөлімінде бір сағаттай бақылауда болады. Оның жағдайы бір қалыпқа келгеннен кейін оған ауруханаға жатқызуға бас тартылды. Содан кейін сағат 12-де ол облыстық ауруханадағы жұмысына барып кірісті.
Медицина қызметкерінің қысымы вакцинадан емес, осы сәтке қатты уайымдауына байланысты көтерілгені айтылады. Қазір ол әйел өз жұмысында, денсаулығы мен жағдайы қанағаттанарлық деңгейде.
Кешегі эпизодқа байланысты екпе жасатуға жіберілген медициналық қызметкерлердің ешқайсысы (қарсы көрсетілімдері жоқ) COVID 19-ға қарсы вакцинациядан бас тартқан жоқ. Вакцинация бекітілген жоспарға сәйкес, жүзеге асырылады, делінген хабарламада.