Талғар ауданында ұрлық жасаған әйелдің әрекеті әшкере болды

u24.ru
Күдікті ретінде 40 жастағы әйел ұсталды.

Қаңтар айының басында Талғар ауданының полициясына 50 жастағы әйел хабарласып, белгісіз біреудің үйіне ұрлыққа түскенін айтқан. Түнгі мезгілде қонақтан келген әйел үйінің астан-кестеңі шыққанын көрген. Күдікті зардап шегушінің қол сөмкесін, әмиянын және алтын сырғасын және ер адамның қымбат иіссуын қолды қылған, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмысты ашуға бағытталған шаралар барысында қылмысқа қатысы бар күдікті ретінде 40 жастағы әйел ұсталды. Бұлтартпас айғақтардан кейін ол қылмысын мойындады. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жарияланбайды, деді Талғар АПБ бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Нұржан Күнтүнов.

Тергеу барысында ұсталған әйел ұрлаған заттарының ішіндегі құнды дүниелер мен ақшаны алып, қол сөмке мен құжаттарды қала сыртындағы өзен бойына лақтырып жібергені белгілі болды. Сотқа дейінгі тергеу аяқталғанша күдікті мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр