БҚО бойынша Ұлттық сарапмата орталығының басшысы 5 жылға сотталды

Филиал басшысы 2017-2018 жылдар аралығында заңнамада белгіленген тыйымға қарамастан өз қол астындағылардың "Дезснабсервис" ЖШС мен "Life Green" ЖШС-сын тіркеген.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығының басшысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп мәлімдеді брифингте законда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Айырықша маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" РМК филиалының басшысы Өмірғалиева А.С қызмет бабын асыра пайдаланғаны, ұрлық жасағаны, қызметтің желеу және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды, - деді Биғайдаров.

Департаменттің мәліметінше, филиал басшысы 2017-2018 жылдар аралығында заңнамада белгіленген тыйымға қарамастан өз қол астындағылардың "Дезснабсервис" ЖШС мен "Life Green" ЖШС-сын тіркеп, содан кейін аталған кәсіпорындарды тауарлар мен материалдарды (дезинфекциялаушы заттар) жеткізуге келісімшарттар жасасу түріндегі артықшылықтар мен жеңілдіктер беру арқылы қолдап отырған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: