"Астанаэнергосбыт" ЖШС-ға 4 667 200 теңге айыппұл салынды

"Астанаэнергосбыт" ЖШС тұтынушыларға жылумен жабдықтау қызметіне қолжетімділіктің ала-құла жағдайларын тудырған.

"Астанаэнергосбыт" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті атап өткендей, елорда тұрғындары мен кәсіпкерлік субъектілерінің шағымдары негізінде табиғи монополия саласында Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкестігіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Аудит барысында "Астанаэнергосбыт" ЖШС "жеке тұлғалар" санатында жаңадан пайдалануға берілген тұрғын үйлерге жылу энергиясының көлемдерін қабылдамайтындығы анықталды, сол арқылы құрылыс салушы объектілерді тапсырған кезде жеке тұлғаларға жылу беру үшін жеке шоттар ашудан бас тартады. Нысанның иесі ауысқан жағдайда, құрылыс салушы "Астанаэнергосбыт" ЖШС-мен энергиямен жабдықтау туралы келісімді бұзған кезде және жаңа иелер үшін жеке шоттар ашпастан, бұл нысан келісімшарты жоқтар қатарына өтеді, делінген хабарламада.

Көптеген үйлерде - 1 191 пәтерінде "Астанаэнергосбыт" ЖШС-нің 3027,72 Гкал жылу энергиясының көлемдері қабылданбағандығы және келісімшарттан бас тартқаны анықталды.

Осылайша, "Астанаэнергосбыт" ЖШС тұтынушыларға жылумен жабдықтау қызметіне қолжетімділіктің ала-құла жағдайларын тудырған.

Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде "Астанаэнергосбыт" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 4 667 200 теңге айыппұл салынды. Компания күнтізбелік 10 күн ішінде жеке тұлғалармен келісімшарт жасасуға міндетті болды, деп толықтырды құзырлы ведомствадағылар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: