Концерт билеттері: ІІМ алаяқтардың тәсілдерін атады

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2026 09:17 Фото: Zakon.kz
15 сәуір күні таңертең Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі концерттер мен бұқаралық іс-шараларға билет сатып алу кезінде сақ болу жөнінде ұсыныстарын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, интернетте жалған хабарландырулар жиі кездеседі. Сонымен қатар, концерттер мен бұқаралық іс-шараларға билеттерді сатып алу немесе қайта сату бойынша делдалдардың күмәнді ұсыныстары да таралуда.

Алаяқтар билеттерді сатып алуда көмек ұсынады немесе оларды қымбат бағаға сатады. Одан бөлек, жалған билеттер таратуы да мүмкін.

Оларға сенген адамдар ақша аударып, соңында билетсіз қалуы ықтимал.

"Ішкі істер министрлігі азаматтарды сақ болуға шақырады және кез келген іс-шараға билеттерді тек ресми әрі тексерілген жерлерден сатып алуды ұсынады. Бейтаныс адамдарға ақша аудармаған абзал", – деді ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен ішкі істер органдарында "102" мобильді қосымшасы, "Заң және тәртіп" сервисі және "SOS дабыл түймесі" жүйесі арқылы келіп түсетін өтініштермен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық бекітілген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: