"Tengri Bank" АҚ басқармасының экс-төрағасы ұсталды

inform.kz
Ұстау фактісін Экономикалық тергеулер қызметі растады.

"Tengri Bank" АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Ержан Шайкенов ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ұстау фактісін Экономикалық тергеулер қызметі растады.

Иә, шынымен де, 2021 жылы 16 ақпанда ҚМА қызметкерлері ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша "Tengri Bank" АҚ-тың бұрынғы төрағасы, Е.Б.Шайкеновты ұстады. Тергеу мүдделеріне қатысты басқа ақпарат жария етілмейді, - деп атап өтті құзырлы ведомствадағылар.

Шайкенов 2020 жылдың 29 шілдесінен бастап "Tengri Bank" АҚ директорлар кеңесін басқарды.

2020 жылдың қыркүйегінде Tengri Bank банктік лицензиясынан айырылды.

2020 жылдың қарашасында Tengri Bank-тің бұрынғы топ-менеджерлері 5,4 миллиардтан астам теңгені жымқырды деген күдікке ілінгені белгілі болды.

2021 жылы 15 ақпанда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының "Tengri Bank" АҚ қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы шешімі заңды күшіне енді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Алматыда ер адам бірге ішімдік ішкен танысын пышақтап кетті