Кірпіш лақтырып, қырқысқан құрылысшылардың видеосы желіде тарады

видеодан алынды
Полицияның ақпаратына сүйенсек, екі құрылыс бригадасы қабырғааралық плиталарды тұрғызу кезінде сөзге келіп қалған. Ерегістің арты төбелеске ұласқан.

Қарағандыда құрылысшылар бір-бірімен кірпішпен "атысты". Салынып жатқан үй басында айбат шеккен екі топ айқасының видеосы желіде тарады, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Төбелес видеосы әлеуметтік желіде кеше кешкісін пайда болды. Полицияның ақпаратына сүйенсек, екі құрылыс бригадасы қабырғааралық плиталарды тұрғызу кезінде сөзге келіп қалған. Ерегістің арты төбелеске ұласыпты. Оған 20-25 адамның қатысқаны анықталды. Тәртіп сақшылары Қылмыстық Кодекстің 293-інші, яғни "Бұзақылық" бабымен іс қозғаған. Дегенмен құрылыс алаңында жұмыс тоқтаған жоқ. Ал компания өкілдері қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Сөздеріне сенсек, ешкім жапа шекпеген.

Дегенмен құрылыс алаңында техникалық қауіпсіздік сақталмайтыны бейнетаспада анық байқалады. Тергеу барысында бұл мәселе қарала ма, жоқ па, ол жағы белгісіз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі