Алматы облысының Балқаш ауданында өрт шықты. Алдын ала ақпарат бойынша, саяжайлар, балық аулау базасындағы қайықтар өртенген, деп хабарлайды zakon.kz.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Алматы облысының Балқаш ауданында өрт болғанын хабарлады. Өрт Іле өзені атырабының батыс бөлігінен шығыс бөлігіне - Іле-Балқаш қорығына қарай жылжуда, ол жақта балық аулау шаруашылығы жоқ.
Балық шаруашылығының субъектілері болып табылмайтын жеке туристік орталықтарды: "Қалдаяқ көлдер жүйесінде" орналасқан "Сеймар" және "Иір-Майтан көлдер жүйесінде" орналасқан "Маяктың" өртке орану қаупі бар. Бүгін таңертең орманшылар әуеден бақылау жасауға шықты, сондықтан қосымша ақпарат кейінірек беріледі, - деді ведомстваның баспасөз хатшысы Самал Ибраева.
14 сәуір сағат 23.00-дегі жағдай бойынша Балқаш қорығындағы өрттің салдарынан балық шаруашылығының екі субъектісіне материалдық шығын келтірілді.
Іле өзенінің атырабындағы "Иір-Майтан көлдер жүйесі" балық аулау алаңындағы өрт туристерді қабылдауға арналған 4 коттеджді, балық қабылдайтын пунктті және екі қайықты бүлдірді. Осы балық шаруашылығының қызметкері ауыр күйікпен ауруханаға түсті. Мұндағы өрт қазір сөндірілген.
Өрт Іле өзені атырабындағы төменгі Байменей көлдер жүйесіндегі екі саяжай мен төрт қайықты бүлдірді. Мұнда да өрт сөндірілді.