Алматыда жеті жасар қызды қорлаған 19 жастағы жігіт ұсталды, деп zakon.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға күндізгі сағат бірде қаланың Түрксіб ауданындағы көпқабатты үйлер көптеп орналасқан шағын аудандардың бірінде болған.
– Жеті жасар қыз дүкеннен үйіне қайтып келе жатқан. Оның артынан ер адам кіреберіске кіріп, баланы қолына көтеріп, төмен қарай баспалдақпен алып түскен. Содан кейін белгісіз адам кішкентай қызбен бірге кіреберістің бұрышына қарай кеткен, ол бейнекамераның көрінісіне енбейді. Сол жерде оның қызды шешіндіріп, қолын тигізе бастағаны анықталды. Бала қашып үлгерді. Ол үйге жүгіріп барып, болған жағдай туралы анасына айтып берді, анасы өз кезегінде дабыл қақты. Айтпақшы, оның полицияға жедел жүгінуі қылмысты “ізін суытпай” ашуға көмектесті, – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.
Күдікті қамауға алынды. Бұл 2002 жылы туған Ф.есімді азамат. Ер адамның ақыл-есі кем деп есепте тұрғаны анықталды. Ол сол ауданда тұрады.
– Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 124-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелген. Қылмыстық істер бойынша тиісті тергеу шаралары мен сараптамалық зерттеулер жүргізілуде, – деп түйіндеді Әбдрахманов.