Маңғыстауда аң аулаған екі полиция қызметкері жұмыстан қуылды

lada.kz
Заң баршаға ортақ - облыстық ПД басшысы.

Қызылсай табиғи паркі аумағында арқардың тушасымен бірген қаруланған төрт адамның ұсталу оқиғасы өз жалғасын тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

Маңғыстау облысындағы броконьерлерді қуып жүріп, ұстау видеосы шыққаннан кейін екі полиция қызметкері жұмыстан босатылды.

"2021 жылы 26 сәуірде әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысында инспекторлардың браконьерлердің ізіне түскен видеосы таралған болатын, олардың арасында ішкі істер органдарынан екі полиция қызметкері болды. Біздің қатарымызда мұндай қызметкерлерге орын жоқ. Бұл оқиғадан кейін екі қызметкер де орнынан босатылды. Браконьерліктің бірде-бір фактісі жазасыз қалмайтынын, ал қылмыскер қарапайым адам немесе құқық қорғау органдарының қызметкері болуына қарамастан жазаланатынын мәлімдегім келеді. Заң баршаға ортақ", деп жазды облыстық полиция департаментінің бастығы Facebook-те Жанарбек Бақтыбаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі