Алматыда вакцинация төлқұжаттарын сату бойынша арнайы қызметтік тергеу басталды, деп хабарлайды zakon.kz.
Айта кетсек, бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында "вакцинацияға арналған электрондық төлқұжаттарды сататын жаңа бизнес» туралы мақала жарияланды.
Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мұндай іс-әрекеттің қылмыстық сипаты бар екендігін және оған қатысы барлар қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын ресми түрде хабарлайды.
Осы факт жарияланған сәттен бастап арнайы қызметтік тергеу басталды. Қазіргі уақытта вакцинациядан өту туралы электронды төлқұжатты беру фактісі расталмады. Сонымен бірге барлық медициналық ұйымдар мен РЦЭЗ-дің ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтер толықтай салыстыра қарастырылып жатыр, - деп хабарлады Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Тергеу нәтижелері, әрине, егер бұл ақпарат расталса, заңға сәйкес шаралар қолдану үшін құқық қорғау органдарына тапсырылады.
Сонымен бірге Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы вакцинация мәселелері бойынша ақпараттық жүйелерге қолжетімді қызметкерлер арасында профилактикалық іс-шаралар өткізеді.
Қызметтік тергеу барысы кейін тағы хабарланады.