Түркістан облысында оқушы қыз көпірден секірмек болды

Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі
Қыз анасына ренжіп, отбасылық жанжалдың негізінде өзіне-өзі қол жұмсауды ойға алған.

Түркістан облысында полиция қызметкері көпірден секірмек болған кәмелетке толмаған оқушы қызды құтқарды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша кезекшілік кезінде Сайрам аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері - полиция майоры Нұрбол Қуанышбеков пен полиция капитандары Нұржан Бегмағанбетов пен Бөлеген Төлегенов жолда бір әйелдің қолын бұлғап тұрғанын байқайды. Тәртіп сақшылары оның жанына келіп, не болғанын сұрайды. Ауыл тұрғыны қызының теміржол вокзалының жанындағы көпірден секірмек болғанын айтып, баласын құтқаруды сұрап, көзіне жас алды. Полиция жедел түрде әйелдің өтінішіне құлақ асып, оны қызметтік көлікке отырғызып, жасөспірімнің орналасқан жерге қарай бет алды.

Тәртіп сақшылары Ақсукенттегі Төлеби көшесінде орналасқан Манкент станциясындағы көпірден жас қыздың секірмек болып тұрған жерінен тапты.

Осы сәтте полиция капитаны Бөлеген Төлегенов өзіне қол жұмсамақ болған жасөспірім қызға жақындап, оны құтқару үшін қажетті шараларды қабылдады. Полиция қызметкері қызға күдік туғызбастан оның артқы жағынан білдіртпей келіп, көпірде салақтап тұрған кәмелетке толмаған қызды мықтап ұстап алды. Содан кейін оның әріптестері көмекке келіп, оқушыны қауіпсіз жерге шығарды, - деп хабарлады облыстық ПД.

Қыз анасына ренжіп, отбасылық жанжалдың негізінде өзіне-өзі қол жұмсауды ойға алған. Жасөспіріммен моральдық-психологиялық әңгіме жүргізіліп, қажетті көмек көрсетілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды