Алматы облысында екі жасөспірім гараждан өлі табылды

pxhere.com
Алдын ала болжам бойынша, жасөспірімдер көлікті жөндеу кезінде бензин иісіне уланып қалған.

Алматы облысында екі жасөспірімнің денесі гараждан табылды, деп хабарлайды zakon.kz.

28 сәуірде Панфилов аудандық полиция бөлімінің тергеу-жедел тобы келіп түскен қоңырау бойынша Жаркент қаласындағы жеке үйлердің біріне барып, гараждан екі кәмелетке толмаған баланың (екеуі де 2004 жылы туған) денесін тапты, - деп хабарлады облыстық ПД.

Зорлық белгілері анықталған жоқ.

Алдын ала болжам бойынша, жасөспірімдер көлікті жөндеу кезінде бензин иісіне уланып қалған.

Қазіргі уақытта бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156 бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Мемлекеттік кепілдік сақталады: 2027 жылдан бастап зейнетақы жүйесінде не өзгереді