Алматы облысында өз баласын өлтірген әйел түрмеге жабылмайтын болды

polisia.kz
Қорытындыға сәйкес, сот іс жүргізуді тоқтату туралы шешім шығарды, әйелді мәжбүрлеп емдеу үшін мамандандырылған психиатриялық ауруханаға жіберді.

Алматы облысында анасы туған баласын өлтірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы облысы Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 12 мамырда қылмыстық іс бойынша сот аяқталды. Бұл іс жас баласын өлтірген әйелге қатысты медициналық мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа жолданған.

Сарапшылардың қорытындысы бойынша С. "Параноидты шизофрения - F20.0 коды" түрінде созылмалы психикалық ауруға шалдыққан. Оған тағылған айып бойынша іс-әрекет кезеңінде ол параноидты шизофрения түріндегі психикалық ауытқушылық жағдайында болып, өзінің іс-әрекетінің нақты табиғатын, әлеуметтік қауіптілігін сезіне алмаған әрі өзін-өзі басқара алмады. Ол тергеу мен соттың алдына да келе алмайды және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын мамандандырылған типтегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрінде қолдану ұсынылады, деп хабарлады сот.

Қорытынды негізінде сот іс жүргізуді тоқтату туралы шешім шығарды, әйелді мәжбүрлеп емдеу үшін мамандандырылған психиатриялық ауруханаға жіберді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда