Қазақстанның үш азаматы АҚШ-тан депортацияланды

Pixabay
Оларға алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған.

ҚР Ішкі істер министрлігі Интерполдың Ұлттық орталық бюросы АҚШ-тың құзыретті органдарының көмегімен Америка территориясында тергеуден жасырынған үш қазақстандықты анықтап, ұстады, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Оларға Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қазақстандық полицияның талабы бойынша халықаралық іздеу жарияланған болатын.

Өткен аптада іздеуде жүрген адамдар Қазақстанға депортацияланып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Ол соңғы уақытта шетелде қазақстандықтардың ұсталу фактісі едеуір артып бара жатқанын айтты.

Мәселен, соңғы бес жылда ТМД елдерінде, Германия, Грузия, Түркия, АҚШ, Израиль, Біріккен Араб Әмірліктері, Финляндия, Ұлыбритания, Канада, Сенегал, Испания, Таиланд, Румыния, Болгария, Австрия, Қытай, Швеция, Македония, Польша, Дания, Греция, Хорватия, Португалияда іздеуде жүрген адамдар анықталып, ұсталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі