Алматы облысында 3 жасар қыз көлік терезесінен құлап түсті

видеодан кадр
Патрульдік полиция ротасының инспекторлары көлікті басқарған 32 жастағы әйелді ұстады.

Алматы облысында үш жастағы қыз көлік терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде үш жастағы баланың "Hyundai Elantra" автокөлігінен құлап кеткен видеосы жарияланғаны анықталды.

Оқиға ағымдағы жылдың 17 мамырында сағат 10:00-де Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кентінде орын алған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде патрульдік полиция ротасының инспекторлары көлікті басқарған 32 жастағы әйелді ұстады. Құлап кеткен бала көліктің алдыңғы орындығында отырған, сонымен қатар көлікте баланы ұстап тұратын құрылғысы болмағандығы анықталды. Бүлдіршін зардап шеккен жоқ.

"Hyundai Elantra" автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалды. Баланың анасымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін