Есірткіні нәскидің ішіне салсаң да, полицияның иті сезіп қояды екен

ШҚО ПД баспасөз қызметі
ШҚО тұрғыны есірткіні шұлығына жасырған.

Шемонаиха ауданының полиция бөліміне кезекшіден кешкі уақытта шекаралық бақылау бекетінде Шемонаиха қаласының 54 жастағы тұрғынын тексеру барысында қызметтік ит есірткі құралдарының болуы мүмкіндігіне белсенді белгі бергені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды zakon.kz.

Тексеру барысында жолаушылар терминалының үй-жайындағы еденде спецификалық иісі бар қоңыр түсті өсімдік тектес заты бар қағаз түйіншек табылып, тәркіленді. Жеке тінту барысында қағаз түйіншекті шұлығына жасырғаны анықталды.

Сараптамаға сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 5,64 гр кептірілген марихуана есірткі құралы екенін көрсетті.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 286-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі