Қазақстанда педагогикалық жоғары оқу орындарына қабылдау тәртібі қатаңдатылмақ

 Студент, студенты, университет, университеты, вуз, вузы, абитуриент, абитуриенты, выпускник, выпускники, поступление, образование, высшее учебное заведение, высшие учебные заведения, институт, институты, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2026 13:12 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2026 жылғы 27 сәуірде Мәжілісте өткен Үкімет сағатында педагогикалық жоғары оқу орындарына қабылдау процесі қалай өзгеретінін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта педагог кадрларын даярлау көлемі шамадан тыс артқан.

"Бірнеше жыл бұрын "Педагог мәртебесі туралы" заң қабылданып, жалақы көтерілді. Соның нәтижесінде педагогикалық мамандықтарға сұраныс күрт өсті. Алайда сол кезде білім беру бағдарламаларының сапасын жеткілікті деңгейде жетілдіре алмадық. 2027 жылдан бастап педагогикалық мамандықтарға екі кезеңді іріктеу енгізіледі, қабылдау тәртібі қатаңдайды, ҰБТ-ның орташа балы көтеріледі, сондай-ақ педагогикалық жоғары оқу орындарын аттестаттау стандарттары қайта қаралады", – деді министр.

Оның айтуынша, Қазақстанда 5 бейіндік жоғары оқу орны бар, 52 ЖОО педагог кадрларын даярлауға лицензия алған, ал 40-тан астам оқу орнында тиісті кафедралар жұмыс істейді.

Айта кетейік, бұған дейін Саясат Нұрбек еңбек нарығындағы мәселелер туралы айтып, бірқатар маңызды салаларда білікті мамандар жетіспейтінін атап өткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: