Вакцина алған BBC радиосының жүргізушісі қайтыс болды

@araguaci
Туыстарының айтуынша, вакцина алғанына бір апта өткен соң оның қатты басы ауыра бастапты.

Ньюкасл қаласында орналасқан BBC радиосының жүргізушісі Лиза Шоу тромбоздан қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Тромбоз коронавирусқа қарсы британдық-шведтік AstraZeneca компаниясының вакцинасын алғаннан кейін пайда болды, деп хабарлайды Лента.ру британдық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Радио жүргізушісінің туыстарының айтуынша, вакцина алғанына бір апта өткен соң оның қатты басы ауыра бастапты. Полиция тексеруді бастады.

Сәуір айында бірнеше еуропалық елдер вакцина алғандардан тромбоздың анықталуына байланысты AstraZeneca вакцинасын пайдалануды тоқтатты немесе тыйым салды. Сонымен қатар, вакцинаны жасаушылар оның қауіпсіздігін талап етеді.

Компания вакциналаудан кейінгі 17 миллионнан астам адамның денсаулығының жай-күйін егжей-тегжейлі зерттеп, өкпе эмболиясы, терең тамыр тромбозы немесе тромбоцитопения қаупінің жоғарылауы туралы мәліметтер жоқ екенін айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін