Түркістан облысында жоғалған туристердің заттары табылды

ҚР ТЖМ
Жоғалып кеткен туристің анасы баласының заттарын таныды.

8 маусымда Түркістан облысының құтқарушылары жоғалған туристердің заттарын тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

Хабар-24-тің хабарлауынша, жемпір, аяқ-қиім мен ұйықтауға арналған қап Айғыржыққан және Өгем өзендері тұсынан табылған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Жоғалып кеткен туристің анасы баласының заттарын таныды. Өңірдегі іздестіру жұмыстары 15 күн бұрын басталған. Оған Түркістан облысының төтенше жағдайлар қызметімен бірге тәртіп сақшылары, шекара қызметі, Орман шаруашылығы, Өзбекстан құтқарушылары және жоғалған туристердің туыстары жұмылдырылды. Бұған дейін жоғалған үш турист құтқарылып, екеуінің мәйіті табылған болатын.

Ерік Сарыбаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- 8 маусым жағдайы бойынша Түркістан облысындағы 2 туристі іздестіру жалғасуда. Оның нәтижесінде 1 туристің қыстық жемпірі, жататын қабы, 2 дана маска, сланцысы табылды. Іздестіру таулы аймақта жалғастырылуда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

"Барыс" құрамасының экс-қорғаушысы Жоғары хоккей лигасындағы алғашқы ұпайын жинады