Елорда тұрғындарына дүрбелеңге салынбау ескертілді

24kz
Оқу-жаттығу 10 маусымда сағат 17.00-ден 22.00-ге дейінгі аралықта ескі вокзал аумағында өтеді.

Нұр-Сұлтанда жоспарға сай антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқу-жаттығу 10 маусымда сағат 17.00-ден 22.00-ге дейінгі аралықта ескі вокзал аумағында өтеді.

Іс-шараның мақсаты - жедел штабтың күштері мен құралдарының террористік сипаттарға шұғыл жауап беру, төтенше жағдайларды жою, террор актісінің салдарын азайту және жою жөніндегі тапсырмаларды орындауға дайындығын тексеру. Жаттығу әртүрлі күрделілік элементтерді қамти отырып, соғысу жағдайына барынша жақын, - делінген терроризммен күрес жөніндегі жедел штабтың хабарламасында.

Техникалық жолаушылар паркі маңында шектеу шаралары қарастырылған.

Осыған байланысты біз азаматтарды өтіп жатқан оқу-жаттығуларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және осы шараға тартылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз, деп толықтырды департаменттегілер.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Англияда жемқор қазақтардың мүлкін тартып алатын заң шығып, у-шу болып жатыр

Димаштың орындауындағы түрікше ән бірнеше елдің чарттарын бағындыруда

Мектеп оқушыларының білімін бағалау жүйесін қайта қарау ұсынылды

2020 жылғы мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі