Түркістан облысында жоғалған жеті туристтің соңғысы өлі табылды

pixabay.com
Бұған дейін жоғалып кеткен үш турист табылып, құтқарылған болатын. Кейіннен үш туристің денесі де табылып, енді біреуі табылмай жатыр еді.

Сайрам-Өгем шатқалынан адам денесі табылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем шатқалынан адам денесі табылды. 22 маусымда сағат 11:50-де іздеу жұмыстары кезінде Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар қызметінің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Айғыржыққан мен Өгем өзендерінің қосылған жерінен жоғары екі шақырымнан адам денесін тапты. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Оқиға орнына "Қазәуеқұтқару" АҚ тікұшағы шықты. Мәйіт сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне беріледі.

Іздеу жұмыстары 8 бағыт бойынша жүргізілді. Оларға 107 қызметкер, 17 техника, 3 квадрокоптер, 4 ит және бір тікұшақ қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, 25 мамырда сағат 18: 30-да "112" басқару пультіне 7 туристің жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Іздеулер 27 күн бойы жүргізілді. Бұған дейін жоғалып кеткен үш турист табылып, құтқарылған болатын. Кейіннен үш туристің денесі де табылып, енді біреуі табылмай жатыр еді.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды таудағы қауіпсіздік шараларын сақтауға, тауға дайындықсыз шықпауға шақырады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді