Сарыағаш тұрғынының алтын бұйымдары мен ақшасы салынған сейфі ұрланды

polisia.kz
Жәбірленушіге келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 10 миллион теңгені құрайды.

Сарыағашта жеке үйге түскен ұрылар ақша мен алтын заттар салынған сейфті үптеп кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында хабарланғандай, Сарыағаш аудандық ПД кезекші бөліміне жергілікті тұрғын белгісіз біреулер үйіне кіріп, алтын заттар мен 11 мың АҚШ доллары.салынған сейфті ұрлап кеткенін айтып, арызданды.

Полиция бұл фактіні ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, "Ұрлық" бойынша бірыңғай тізілімге тіркеді. Жәбірленушіге келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 10 миллион теңгені құрады, - делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында учаскелік полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындар - күдікті екі ағайынды азаматты ұстады. Олардың біреуі бұрын сотталған болып шықты.

Тергеу барысында анықталғандай, күдіктілер үйде адамдар болмаған күнді күткен, содан кейін қоршаудан секіріп, жәбірленушінің ауласына кіріп, терезе арқылы үйдің ішіне түседі. Ұрылар жатын бөлмедегі сейфті ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен. Содан кейін ауылдың шетінде сейфті бұзған. Ішіндегі алтын бұйымдар мен ақшаны алып, сейфті лақтырып жібереді. Олар ұрланған мүлікті сатып, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда, делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды