Қызылордада балалар ойын-сауық орталығында жарылыс болды

Қызылорда облыстық ТЖД
Өрт 07: 44-те оқшауланып, 08: 15-те толықтай сөндірілді. Өрттің себебі - табиғи газдың ауаға тарауы.

Қызылордада балаларға арналған ойын-сауық орталығында газ жарылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті 19 шілдеде сағат 07: 20-да Алтынсарин көшесінде жарылыс болғанын хабарлайды. Балалардың ойын-сауық орталығы екі қабатта болған, өрттің салдарынан бірінші қабат түгелдей жанып кетті.

Жарылыс салдарынан ағаш сарай мен 50 шаршы метр болатын есік алдындағы көлегей шатыр жанған, сондай-ақ Жеңіс көшесі, 21 үйдің пәтерлерінің терезелері де бүлінді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнына 42 өрт сөндіруші мен алты құтқарушы барғанын жеткізді. Өрт 07: 44-те оқшауланып, 08: 15-те толықтай сөндірілді. Өрттің себебі - табиғи газдың ауаға тарауы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Алматыда жаңа саябақ салу үшін жер телімдері мемлекет меншігіне өтеді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді