Кешіріңіздер! Түркістанда қайын әпкесі келінінің бетін ыстық шанышқымен күйдірген

Өз кезегінде облыстық полиция бұл оқиғаға қатысты өздеріне ешкімнің арыздандағанын жеткізді.

Түркістан облысында қайын әпкесі келінінің бетін ыстық шанышқымен күйдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқыс оқиға жайлы журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіде баяндады.

"Фотодағы 40-қа толмаған келіншек. Есімі Гүлзира. Газ-плитаны жумадың деп күйеуі емес, қайын әпкесі вилканы отқа қыздырып бетіне басқан. Оқиға Түркістан облысында болды. Гүлзира туғаннан ақыл-есі кеміс, адам баласына агрессиясы жоқ. Еңбекқор, жұмысқа төзімді, сауаты жоқ, ақша санай алмайды, кім не айтса соны істеп еріп кете береді. Ата-анасы бала кезде қайтыс болған жетім қыз. Өзі сынды жарымжан жігітпен бас қосты, екі баланың анасы. Адам баласының көзіне тіке қарай алмайтын, өз сөзін жеткізе алмайтын келінге бәрінен бұрын қайын әпкесі Бағила қуанғандай. Гүлзира бәрін істейді, шаршау не қарын ашу дегенді білмейді, құдды робот. Бағила жекіп, ұрсып, кейіннен ұрып үйренді. Келін ешкімге айтпайды не қашпайды, құда да тыныш құдағи да тыныш. Газ плитаны жумағанды көрсетем деп шанышқыны отқа қақтап бетіне басуы, енді шектен шығу! Бұл сұмдықты да ешкім білмей өтер ма еді, сіңілісі кездейсоқ келіп қалып үстінен түскен. Беті көлкіп таңба басылғанымен не мазь жақпаған, не ешкімге көрсетпеген. Онсыз да мойны ырғайдай, биті торғайдай болған әпкесіне жаны ашыған сіңілісі кішкентай баласымен қосып алып кетеді. “Ауруханаға апарғанымен ешкім полиция шақырмады” дейді Гүлдарина", деп жазылған жазбада.

Өз кезегінде облыстық полиция бұл оқиғаға қатысты өздеріне ешкімнің арыздандағанын жеткізді.

Түркістан облысының полициясы қажетті шараларды қабылдауда. Осы факті бойынша осы уақытқа дейін Отырар аудандық полиция бөліміне шағым түсірмеген. Соған қарамастан, бұл факт облыс әкімшілігі басшысының жеке бақылауына алынды, - дейді департаменттің баспасөз қызметі.

Кейін журналист келінінің бетін күйдірген қайын әпкесінің кешірім сұраған видеосын желіде жариялады.

"Ашуланып, келінімнің бетін ыстық шанышқымен қалай күйдіріп қойғанымды білмей қалдым, Қазақстан халқынан кешірім сұраймын", - дейді әйел видеода.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: