Шымкенттік жас жігітті бопсалаған діндар қыз ақша алып жатқан жерінен ұсталды

repost.uz
Жігіт арадағы жыныстық қатынас екі жақты келісіммен болғанын айтады. Екеуі, тіпті әріптестер екен.

Атырауда 21 жастағы қыз шымкенттік 18 жасар бозбаладан 2 миллион теңге ақша бопсалаған, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, бопсалау фактісі бірнеше рет қайталанған.

Алғашында жігіттен 2 миллион теңге алып, кейін одан 1 540 000 теңге сомасында тағы да ақша талап еткен. 18 жастағы жігіт полицияға хабарласып, мән-жайды түсіндіріп, көмек сұраған. Оның айтуынша, қыз оны “Зорлау” фактісі бойынша үстіңнен іс қозғатамын деп қорқытқан. Алайда жігіт жыныстық қатынас екі жақты келісіммен болды деп ақталады. Екеуі, тіпті әріптестер екен. Ол қыз жақсы танысым, тіпті тұрғылықты мекені Шымкент қаласына алып барып, ата-анаммен таныстырдым дейді.

Атырау облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жедел іс-шара кезінде күдіктіні жігіттен 500 000 теңге көлемінде ақша алып жатқан кезінде ұстады. Тексеру кезінде қыз деструктивті діни ағым өкілі екендігі анықталды. Қазіргі уақытта 21 жастағы қала тұрғынына қатысты ҚР ҚК 194-бабы 1-бөлігімен (Қорқытып алу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ ақша бопсалаған қыздың бопсалау қылмысы бойынша басқа да фактілерге қатыстылығы тексерілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, - дейді Атырау облыстық ПД.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері: нені білу маңызды

Google, Apple, Netflix: Шетелдік интернет компаниялар бір жылда елімізге 35 млрд теңге салық төледі

"Қар, көктайғақ, тұман". Сейсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Лудомания – қоғамды жайлаған қауіпті індет

Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады