Есірткіге еліткен алматылық жаппай көлік апатына түрткі болды

zakon.kz
Жаппай жол апатынан жалпы саны алты көлік бүлінді.

26 шілдеге қараған түні Алматыдағы Абай-Әуезов көшелерінің қиылысында жаппай жол апаты болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Audi A6 автокөлігі Абай көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Айманов көшесімен қиылыста жолай өтіп бара жатқан көлікпен соқтығысқан. Содан кейін жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.

Абай-Әуезов қиылысына жеткенде Audi енді Toyota Corolla көлігін қағады. Қатты соққыдан Corolla ұшып, алдындаы Mercedes Benz 190 көлігін киіп кетеді.

Бір жағына қырындай айналған Мерседес өзінің алдындағы Toyota Yaris-ті соғады. Ал ол жол бойында тұрған Ford Focus-қа соғылады. Бұл уақытта Audi да олардың қатарына келіп, Ford Focus-қа сүйкене тоқтайды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mercedes көлігінде болған такси жүргізушісі мен екі жолаушысы жарақат алды.

Оқиға орнына келген медициналық топ зардап шеккендерді тексеріп, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Такси жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.

Жол-көлік оқиғасына қатысушылардың айтуынша, Audi жүргізушісінен алкогольдің иісі мүңкіп тұрған. Жол полициясы қызметкерлері оны тексеруге апарып, оның алкоголь мен есірткіге масаңдығын анықтады. Audi жүргізушісі ұсталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды