Атырауда екі медбике жалған екпе құжатын 100 мың теңгеден сатқан

облыстық ПД
Қазіргі таңда аталған екі күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 206-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Атыраулық медбикелер “вакцина паспорты” үшін 100 мың теңге алып отырған, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, Атырауда қаладағы емханалардың бірінде медбике болып қызмет ететін 32 және 28 жастағы азаматтар вакцина алғаны туралы жалған деректерді ақпараттық базаға енгізіп келген. Олар вакцинаның әр кезеңі үшін 50 мың теңгені, яғни екі кезеңі үшін 100 мың теңгені банктік есепшотына аудартып алып отырған. Ақшасын аударған тұрғындар емханаға еркін келіп, вакцина алмай-ақ “вакцина төлқұжатын” алып жүрген.

Атырау облысы Полиция департаменті мен облыстық прокуратура бірлесіп жедел іс-шара жүргізу барысында медбикелердің бірі жалған ақпаратты жүйеге енгізгенін, екінші медбике құйтырқы әрекетке барып, вакцина сұйықтығын адам денесіне салмағанын анықтады. Қазіргі таңда аталған екі күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 206-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ медбикелердің нақты қанша тұрғынға жалған вакцина паспортын жасағандығы анықталуда, деп хабарлайды облыстық ПД.

Айта кетейік, 31 шілде күні атыраулық полицейлер жалған вакцина паспортын дайындағаны үшін тұрғындардан 10 мың теңге ақша алып келген 40 жастағы медициналық қызметкерді ұстаған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды