"Елордалықтарды түнде улайды". Әкімдік желідегі видеоға түсінік берді

zakon.kz/Золотухин M.
Елорда әкімдігі жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Желіде Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны түсірген видео тарауда. Онда белгісіз сұйықтық құйылған цистерналары бар жүк көлігі мен оның қасында бет-аузын тұмшалап алған жас жігіттер жүр. Видео авторы цистерналарда у бар, бұл адамдарды өлтіру үшін улы химикаттарды әдейі шашу деп паймыдайды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл дүдәмал болжамды Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жоққа шығарды.

Видеода масалар мен шыбын-шіркейді улау сәті түсірілген. Дезинсекциялық жұмыстарды «Столичная дезинфекция» ЖШС қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасымен бірлесіп жүргізуде. Зиянкестерді жою жұмыстары кезінде дезинсекторлар адамдар, жануарлар мен өсімдіктер үшін мүлдем қауіпсіз ерітіндіні қолданады. Жұмыстар түнгі уақытта және таңертең жүргізіледі, – деп хабарлайды stopfake.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, елорда әкімдігі жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді