Маңғыстауда аспаннан коронавирус шашқалы жатыр деген аудиохабарлама тарады

pixabay.com
Жалған ақпарат таратқан әйелдердің жеке басы анықталып жатыр.

Мессенджерлерде бөлісіліп жатқан ковид туралы ақпаратты Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы жоққа шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

Lada.kz сайтының хабарлауынша, Ақтау тұрғындары бір-біріне белгісіз әйелдердің сөзі жазылған аудиожазбаны белсенді түрде жіберіп жатыр, олар 6-8 тамызда облыс бойынша "коронавирус инфекциясын шашатынын" және ауруханаға жүкті әйелдер мен балалар көп түсетінін айтады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының биылғы жылдың 29 шілдесіндегі бұйрығына сәйкес, жүкті әйелдер мен босанатын әйелдерге арналған облыстық "Ана мен бала" перинаталдық орталығына жұқпалы ауру науқастар үшін 85 төсек-орын орналастырылды. Оның 12 -сі жансақтау бөліміне, бесеуі интенсивті терапия бөліміне бөлінген. Бүгіндері мұнда 69 науқас емделіп жатыр. Күн сайын 12 -ден 16-ға дейін науқас мұнннан емделіп, шығып, тура сол көлемде науқастар қайта келіп түсіп жатыр. Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз. Келіп түсіп жатқандар мен емделіп, шығып жатқандар саны бір деңгейде. Біз азаматтарды үрейленбеуге шақырамыз. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан қосымша орын үшін бөлімдерді босату туралы бұйрық болмады. Біз баршаны сенімді және ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз, - делінген ресми хабарламада.

Әйелдердің жеке басы анықталып жатыр.

Қоғамдық коммуникациялар орталығы тұрғындарды әлеуметтік желідегі тексерілмеген ақпаратқа емес, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрады.

Қасақана жалған ақпарат таратқандарға ҚР Қылмыстық кодексінің 274 -бабына сәйкес жауапқа тарту қарастырылғаны еске салынады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды