Жалған екпе құжаттары мен ПТР-тест анықтамасын сатқан 20 медқызметкер ұсталды

zakon.kz
Ішкі істер министрлігі мұндай қылмыстық істер бойынша тергеу істері жеке бақылауда екенін айтты.

Қазақстанда жалған екпе төлқұжаттары мен ПТР-тест анықтамасын сатқаны үшін 20 медицина қызметкері ұсталды, деп мәлімдеді ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз, деп хабарлайды zakon.kz.

ПТР-тест анықтамасы мен екпе құжатын қолдан жасағаны үшін 28 адам, атап айтқанда, 20 медицина қызметкері мен сегіз делдал анықталды. Сондай -ақ, әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде жалған екпе төлқұжаттары мен ПТР-тест анықтамасын сату туралы 70 жарнама анықталды, олардың 37-сі бұғатталған, - деді Ораз брифингте.

Ол осы санаттағы істер бойынша тергеу және сот практикасы қалыптасқанын, қазірдің өзінде заңды күшіне енген сот актілері бар екенін атап өтті. Осылайша, төрт қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шығарылды, 43 іс бойынша тергеу әрекеттері мен сараптамалық зерттеулер жүргізілуде. Олар аяқталғаннан кейін күдіктілердің іс-әрекетіне құқықтық баға беру түрінде процессуалдық шешімдер қабылданады.

Ішкі істер министрлігі мұндай қылмыстық істер бойынша тергеу істері жеке бақылауда екенін айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді