Алматыда арнайы операция жүргізіліп, "қылмыстық квартет" құрықталды

polisia.kz
Бұл топтың құрамына Алматы мен Түркістан облыстарының 32 жастан 36 жас аралығындағы төрт ер адам кіреді.

“Қылмыстық квартетті” жедел қызметкерлер кезекті ұрлық жасағаннан кейін бірден ұстады. Олжамен кетіп бара жатқан ұрыларды арнайы бөлімнің қызметкерлері залалсыздандырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл топтың құрамына Алматы мен Түркістан облыстарының 32 жастан 36 жас аралығындағы төрт ер адам кіреді. Ұстауға бірнеше минут қалғанда қаскөйлер кілтті таңдау арқылы Ақбұлақ ықшам ауданында орналасқан үйлердің біріне кіріп, сол жерден бөтеннің жалпы құны 500 мың теңгеден асатын мүлкін ұрлап кеткен. Ұрланған заттарды, тауарды және ақшаны тергеу-жедел тобы тәркіледі және ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелген қылмыстық іс материалдарына тіркеді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық Полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Полициядағылар тергеудің осы кезеңінде ұсталғандардың қаланың Алмалы және Бостандық аудандарының аумағында осыған ұқсас тағы үш ұрлыққа қатыстылығы дәлелденгенін атап өтті. Криминалдық полицияның мәліметінше, әшкереленген “ұрылар” негізінен шаһардың орталық бөлігінде жүрген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме