Алматыда жеңіл көлік жүргізушісі ұйықтап кетіп, жол апаты орын алды

Сурет: zakon.kz
Ол жол шетінде тұрған жүк көлігіне қатты жылдамдықпен келіп соғылған.

Алматыда жол апаты орын алып, жүргізуші зардап шекті, деп хабарлайды zakon.kz.

Жол апаты Рысқұлов даңғылының бойында Қазыбаев пен Жансүгіров көшелерінің арасында болған. Жолдың оң жақ шетінде Man жүк көлігі тұрған. Toyota Camry жүргізушісі ұйықтап кетіп, сол жүк көлігіне соғылған. Оның артынан келе жатқан Lada Niva көлігі Toyota-ны қағады. Lada Niva жүргізушісінің айтуынша, Camry жүк көлігіне соғылған соң кері ұшып жолға түскен.

Жол -көлік оқиғасы салдарынан Toyota Camry жүргізушісі жарақат алды, ол ауруханаға жатудан бас тартты. Оның артқы орындығында отырған жолаушы зардап шеккен жоқ. Жол полициясы қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

"Барыс" құрамасының экс-қорғаушысы Жоғары хоккей лигасындағы алғашқы ұпайын жинады