Қостанай қалалық сотының судьясы автокөлігін мас күйде басқарып, бағанаға соғылды. Полициейлер Бақыткүл Қадыроваға қатысты тиісті материал жинап, бұл істі енді ықпалды судьяның әкімшілік сотта отырған әріптестері қарауға мәжбүр болады, деп хабарлайды zakon.kz.
31 тамызда Қостанай қалалық сотының судьясы Бақыткүл Қадырова тағы да полицияның көзіне түсті. Ол бұл жолы Toyota RAV4 көлігінің рөліне ие бола алмай, бағанаға соғылыпты. Куәгерлердің айтуынша, оқиға "Аэропорт" ықшамауданындағы ойын алаңына таяу жерде болған және Құдай сақтағанда ешкім зардап шекпеді, деп жазады "ТоболИнфо" агенттігі.
Ең қызығы, судьяның бұл автокөлігі бұған дейін де полицияның назарына іліккен екен. Көлік иесінің жол ережесін өрескел бұрып, қарсы жолаққа шыққанына куәгерлер назарылық білдірген.
31 тамызда Қадырова арыз жазып, ақысыз демалысқа кетіп қалды. Бұған оның эмоционалдық жағдайы себеп болған сияқты, өйткені бұл жолы да ол рөлге мас күйінде отырған.
– 31 тамызда сағат 19:56-да 102 пультіне Toyota RAV4 жүргізушісінің ауладан шыға берісте көлік рөліне ие бола алмай, жарық шамының бағанасына соғылғаны туралы хабар келді. 1968 жылы туған жүргізуші наркологиялық диспансерге жеткізілді, онда сараптама жүргізушінің орташа дәрежеде мас екенін көрсетті, деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Қадырова көлігімен апатты жағдай туындатып, сосын көлігін тұраққа қойып кетіп қалған. Артынша жол ережесін бұзған кезде өзінің сау болғанын айтып, медициналық тексеруге баруға келіспей, қырсығып тұрып алған екен. Дегенмен куәгерлер судьяның сол кезде де сау екеніне күмән келтірген.