Алматы облысында бір аптадан бері жоғалған қыз табылмай жатыр

pixabay.com
Қарабұлақ ауылында тұратын Ирина Сизикова 25 тамызда таңертең үйінен шығып кеткен.

Алматы облысынан 17 жасар қыз үйінен шығып, сол күйі ұшты-күйлі жоғалған. Қыздың іздестіріліп жатқанына бүгін - тоғызыншы күн, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Қарабұлақ ауылында тұратын Ирина Сизикова 25 тамызда таңертең үйінен шығып кеткен.

Қыздың такиге мініп, Алматыға жеткені "барахолка" базары маңынан түсіп қалғаны анықталды. Белгілері: бойы - 163 см, дене бітімі - тығыз, көгілдір көзді, бидай өңді, сары, ұзын шашты, көк джинсы, көгілдір күртеше киген, күміс түсті жаздық аяқ-киімде болған, - дейді облыстық ПД.

Іздеуде жүрген адам туралы ақпарат білетіндердің барлығы мына телефондарға хабарласуы сұралады: 8 705 770 03 38; 8 705 333 10 33; 8 701 375 92 91 немесе 102.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі