Астанада жол апатынан зардап шеккен полицей көз жұмды

Астанада жол апатынан зардап шеккен полицей көз жұмды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2026 14:40 Сурет: Ақмола облыстық ПД
2026 жылғы 4 қарашада ауруханада қызметтік міндетін атқару кезінде жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен полиция капитаны Данияр Таев қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Оқиға салдарынан қызметкер ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, оны аман алып қалу мүмкін болмады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. JAC автокөлігінің жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Ішкі істер министрлігінің басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан қызметкердің отбасына және жақындарына қайғыра көңіл айтады", – делінген хабарламада.

Еске салайық, жол апаты 3 қарашада Астана – Петропавл тасжолында болған. Патрульдік полиция қызметкері жол жұмыстарына тартылған арнайы техниканы сүйемелдеп, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген.

Алдын ала мәлімет бойынша, JAC автокөлігінің жүргізушісі жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты сақтамай, полицияның қызметтік көлігімен соқтығысқан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: