Жетісайдан Шымкентке жол апатынан зардап шеккен ер адам тікұшақпен жеткізілді

Лесной пожар, лесные пожары, пожар в лесу, горящий лес, природный пожар, возгорание в лесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2026 14:04 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен ер адамды эвакуациялауға жұмылдырылды. Науқас Жетісайдан Шымкентке жеткізілді. Онда оған қажетті медициналық көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Науқасты тасымалдау үшін "Қазавиақұтқару" АҚ-ның әуе кемесі пайдаланылды. Тікұшақ бортында экипажбен бірге науқасты ұшу кезінде алып жүрген медицина мамандары да болды.

"Әуе көлігі зардап шеккен адамды әрі қарай ем алу үшін Шымкентке жедел жеткізуге мүмкіндік берді", – деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін ТЖМ тікұшағы науқасты Баянауылдан Павлодарға шұғыл жеткізгенін хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: