9 қыркүйекте кешкі сағат 21:40-те Бурабай ауданындағы Қарашілік ауылында жалпы ауданы 60 шаршы метр болатын үй өртенді. Өрт кезінде 1969 жылы туған ер адам және 1981 жылы туған әйел адам қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды, өрт болған жерде зерттеу өрт зертханасы жұмыс істейді. Куәгерлердің айтуынша, қаза тапқандар бұл үйге шамамен 2 ай бұрын көшіп келіп, жергілікті құс фабрикасында жұмыс істеген.
Өрт сағат 22:06-да ауыздықталып, 25 минут ішінде толық сөндірілді. Өрт сөндіруге ТЖД 13 адам және 3 бірлік техника, Бурабай ауданының ТЖБ 8 адам және 3 бірлік техника шықты.
Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті электр сымдары мен жылыту пештерін жарамды күйде ұстау қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ, алкогольді ішімдіктерді шамадан тыс пайдалану және төсекте темекі шегуге болмайды. Жыл сайын өрттерде отты абайсыз қолдану кезінде, көп жағдайда мас күйінде темекі шегу кезінде адамдар қайтыс болады. Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау Сіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтап қала алады.