Қазақстанда үш орман өрті әуеден анықталды
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында бір тәулікте үш орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 26 қазанға қараған түні Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше, екі өрт Қостанай облысында, тағы біреуі "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында тіркелген.
Өрт ошақтары авиациялық мониторинг жүргізу барысында анықталған. Тілсіз жауды сөндіруге орман күзеті қызметкерлері мен қажетті арнайы техника жұмылдырылды.
"Қазіргі уақытта барлық өрт ошақтары толықтай сөндірілді", – делінген министрлік хабарламасында.
Орман өрттерінің алдын алу мақсатында қазақстандықтарды табиғат аясында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және отпен жұмыс істегенде ерекше сақ болуға шақырды.
Бұған дейін Астанада 18 қабатты тұрғын үй кешенінде өрт шыққаны хабарланған болатын. Құтқарушылар өрт шыққан ғимараттан төрт адамды, оның ішінде екі баланы эвакуациялады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
