Елімізде 16 қыркүйекте үш орман өрті тіркелді
Сурет: akorda.kz
2026 жылғы 16 қыркүйекте еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында үш орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда:
- Қарағанды облысы – 1 өрт;
- Семей орманы МОТР – 1 өрт;
- Ертіс орманы МОТР – 1 өрт.
"Орман алқабында өрт анықталғаннан кейін мамандар қажетті жұмыстарды жедел түрде бастады. Өртті сөндіру жұмыстарына мемлекеттік орман күзетінің күштері мен арнайы техникасы жұмылдырылып, сонымен қатар "Қазавиаорманқорғау" РМҚК қызметкерлері де қатысты. Олар аумақты әуеден бақылап, жердегі өрт сөндіру жұмыстарына қажетті көмек көрсетуде. Өрт болып жатқан аумақ жағдайы қазіргі таңда тұрақты бақылауда. Қазіргі уақытта өртті оқшаулау және толық сөндіру шаралары жалғасуда", делінген хабарламада.
Бұған дейін Абай облысында даланың өртеніп жатқаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript