Абай облысында дала өртенді

Өрт, Абай облысы, дала өрті, Мыңбұлақ, Аягөз, Тарбағатай, Қазанкемер, Шәкірті, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2026 19:17 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Абай облысы Аягөз ауданының Мынбұлақ ауылдық округіне қарасты Арасан учаскесінің таулы жеріндегі табиғи өрт толығымен сөндірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мыңбұлақ ауылдық округінің Ескенбұлақ, сондай-ақ Тарбағатай ауылдық округінің Қазанкемер және Шәкірті учаскелеріндегі үш бөлек аумақта құрғақ шөп пен бұталар жанған.


"Өрт жалпы 700 гектар аумақты қамтыды. Өртті сөндіру жұмыстарына таулы жердің күрделі рельефі, кейбір учаскелердің қолжетімсіздігі және жалынның таралуына ықпал еткен қатты жел кедергі келтірді. Өртті сөндіруге ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың күштері, орман шаруашылығы қызметкерлері, сондай-ақ ТЖМ әскери бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылды. Барлығы шамамен 270 адам және 54 техника тартылды", делінген хабарламада.

Бұған дейін Қарағандыда өртеніп жатқан көпқабатты тұрғын үйден 40 адам эвакуацияланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: