Қостанай облысының полициясы Лисаков қаласындағы қайғылы оқиғаның себеп-салдарын атады, деп хабарлайды zakon.kz.
Қылмысты тергеу бөлімінің бастығы Артём Ткаченконың айтуынша, қаскөйдің тарапынан 10-нан астам, полиция жағынан 8 рет оқ атылған.
Ер адам "Сайга-410" мылтығынан оқ атқан. Кейін белгілі болғандай, үйде оқталған кемінде 50 оқсауыт сақталған. Олар ірі аңдарды аулауға арналған, - деді Ткаченко "Алау" басылымына.
Полиция кіре беріске өткенде, оқ атқан адам тәртіп сақшыларының ескертулеріне жауап бермеді. Содан кейін олар подъезден көшеге шығып, операциялық іс-қимыл кеңістігін әзірлеп алуды шешті.
Мылтық ұстаған адам олардың соңынан еріп, атысты жалғастырды. Үш полиция подъезден шықты, тергеуші оларды бүркемелеп, жауапты позицияда болды. Бір сәтте олар қарулы адаммен бетпе-бет келіп, бір-біріне оқ жаудырды. Дәл сол кезде тергеуші білегінен жарақат алды. Осы сәтте полиция жүргізушісі батылдық танытып, ер адамға тап беріп, қолындағы қаруды қағып жіберіп, самбо әдісімен жер жастандырды, - деді бөлім бастығы.
Мылтық иесінің қаруға рұқсат беретін лицензиясы болғанын айта кеткен жөн.
Қарулы адам мен қаза тапқан әйелдің және оның жаралы қызының арасында ұзақ уақыт бойына жалғасқан кикілжің болған. Атыс кезінде пәтерде ер адамның әйелі болған.
Естеріңізге сала кетейік, 11 қыркүйекте таңертең Лисаков қаласында атыс болды. Әйел адам жан тапсырды. Оның 1988 жылы туған қызы ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті. Бір полиция қызметкеріне ота жасалды. Оқ атқан ер адам ауруханада көз жұмды.