Ақмолада жанар-жағармай таситын көлік отқа оранып, алапат өрт бола жаздады

Ақмола облыстық ТЖД
Өрт сағат 19: 50 -де оқшауланып, сағат 20: 09 -да толықтай сөндірілді.

Ақмола облысында жанар-жағармай таситын көлік отқа оранды, деп хабарлайды zakon.kz.

21 қыркүйекте сағат 17: 27-де құтқарушыларға жанар-жағармай таситын Газ-53 автокөлігі мен 50 текше метрлік дизель отынының цистернасы жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті . Өрт сөндірушілер №3 дабыл белгісімен аяғынан тік тұрғызылды, - деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жүргізушінің айтуынша, ол жанар-жағармай толтырып жатқанда өрт шыққан, содан кейін өрт дизель отыны бар 50 литрлік цистернаға қарай ұласқан, - деді Жақсын аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Біржан. Әбілмәженов.

Өртті сөндіруге жұмылдырылғандар: төтенше жағдайлар бөлімінен - бір адам, Жаңа Қима ауылы, ӨС-28-ден - екі техника мен жеті адам, Жақсы ауылының ӨБ-13-тен - бір техника мен төрт адам, ЖПҚ - бір техника мен екі адам, МЕӨҚ - бір техника мен екі адам, "Жаңа -Жол" ЖШС - үш техника мен бес адам.

Өрт сағат 19: 50 -де оқшауланып, сағат 20: 09 -да толықтай сөндірілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты