Дәрігерлер көпірден секірген аяғы ауыр жас келіншектің жағдайы туралы айтты

wikimapia.org
Дәрігерлер әйелдің жағдайы тұрақты екенін, нәрестесін жоғалтпағанын айтты.

Нұр-Сұлтанда көпірден секірген жүкті әйелдің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқиға өткен жексенбіде болған. Полиция капитаны көпірге қарай жүгірген 25 жастағы келіншекті қуа жөнелді. Ол өзенге секірді, бірақ полиция аяғы ауыр жас келіншекті құтқарып қалды.

Дәрігерлер әйелдің жағдайы тұрақты екенін, нәрестесін жоғалтпағанын айтты.

Аяғы ауыр келіншек No1 көпсалалы қалалық аурухананың акушерлік бөлімінде жатыр. Науқас толық медициналық тексеруден өтіп жатыр. Оны дәрігерлер толықтай бақылауын алды, арнайы мамандардың барлық көмегі ұйымдастырылды, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Қазіргі уақытта медицина қызметкерлерінің айтуынша, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды