Алматы облысында топтық төбелес кезінде ауыл тұрғыны оққа ұшты, деп хабарлайды zakon.kz.
Облыстық полицияның хабарлауынша, қайғылы оқиға 1 қазанға қараған түні болған.
Мейрамханалардың бірінің жанында жастардың екі тобы арасында төбелес болды. Қолына мылтық алған төбелеске қатысушылардың бірі досын жаралап алған.
Қақтығыстың барлық тараптары оқиға орнынан ізін суытқан.
Кейін Бесағаш ауылының 25 жастағы тұрғыны ұсталды.
Күдікті қарсы тарапқа оқ ату үшін мылтығын алып шыққанда досы оны көлегейлеп, қарудың аузынан ұстап алғанын айтады. Осы кезде оқ атылып кетіп, салдарынан ол ауыр жарақат алған, - деп атап өтті департаменттегілер.
Жолай тоқтаған көлік жүргізушісі жараланған адамды ауруханаға жеткізіп тастайды, алайда зардап шегуші қайтыс болды.
Айта кету керек, қарулы адам досын ауруханаға жеткізіп тастаған соң жауапкершіліктен қорқып, кетіп қалған.
Күдіктінің айтуынша, ол қаруын өзенге лақтырып жіберген.
Бұл фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті сотқа дейінгі тергеу уақытына қамауға алынды.