Қызылордада жоғалған 13 жасар қыз табылды

polisia.kz
Өз кезегінде, қыздың ата-анасы басқарма қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.

Қызылордада тәртіп сақшылары жоғалып кеткен 13 жастағы жасөспірімді тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР ІІМ сайтының дерегіне сәйкес, 7 қазан күні сағат 18:40 шамасында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының “102” арнасына 13 жастағы жасөспірімнің анасы қызының белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағандығы жөнінде арызданған. Арызды алысымен Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы барлық іздеу шараларын ұйымдастырды. Олар дабыл бойынша көтеріліп, жасөспірімді іздеуге бағытталған жұмыстарды атқарып, үй маңайындағы барлық жерді тінтіп шықты. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған қыз екі сағат ішінде облыс орталығының көшелерінің бірінен табылып, ата-анасына аман-есен тапсырылды.

Өз кезегінде, қыздың ата-анасы басқарма қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Эйнштейннің құпиясы немесе көрінбейтін адам аңыз емес

"Байтақ" партиясы экзитпол нәтижелерін қабылдады

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады