Қостанайда жолаушы таксисті жарақаттап, қашып кетті

Pixabay
Оқиға орнында 300 м радиуста ұсталған адамнан құжаттары бар әмиян табылды.

Жолаушы такси қызметін пайдаланып, ақы төлеудің орнына такси жүргізушісіне дене жарақатын салып, қашып кеткен, деп хабарлайды zakon.kz.

Аталған оқиға Қостанайда Орджоникидзе көшесінде сағат 01:00 шамасында болған. Toyota Avensis автокөлігінің салонында такси жүргізушісі мен 31 жастағы жергілікті тұрғын арасында жанжал болып, нәтижесінде ер адам жүргізушіге дене жарақатын салып, кейін белгісіз бағытқа қашып кеткен. 47 жастағы жәбірленуші бұл туралы полицияға хабарлады.

Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті КСК ауданындағы дәмханалардың бірінде ұсталды.

Кіші инспектор-кинолог Руслан Қайралаповтың айтуынша, күдіктіні қан ізімен "Граф" атты ит тапқан.

Ит қоршау бойымен жүрді. 30-40 м өткеннен кейін ол қараңғыда адамның силуэтін көріп, үре бастады. Күдікті оқиға орнынан жасырынуға тырысып, Баймағамбетов көшесіне қарай жүгіріп өтіп, сол жерде ұсталды. Бұл туралы кезекші бөлімге баяндап, жедел түрде патрульдік полиция қызметкерлері келді, деді ол.

Оқиға орнында 300 м радиуста ұсталған адамнан құжаттары бар әмиян табылды.

Жәбірленушінің өзі қалалық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігі "Денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Медициналық экспертиза нәтижелері бойынша күдікті алкогольдік масаңдықтың орташа дәрежесінде болғаны анықталды.

"Граф" – Қостанай облысы ПД кинологиялық қызмет орталығының қызметтік-іздестіру иті.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді