Ауыр апат жексенбі күні 20:00 шамасында, Орал – Атырау тас жолының 209-шақырымында болды. Ақжайық ауданына қарасты Ақсуат ауылына жақын маңда LADA Vesta мен LADA Priora бетпе-бет соғылады, деп хабарлайды zakon.kz.
Салдарынан газ баллон орнатылған екі көлік те жана бастаған, дейді kolesa.kz. Полицейлер жазбасында "Веста" жүргізушісі мен ондағы жолаушы машинадан шығып үлгергені жазылған, ал "Приорадағы" әйел мен ер адам қаза тапты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бірақ Mgorod.kz аман қалған екі адамды 39 жастағы Нұрхат Жұбатов құтқарғанын хабарлады. Ол өз ерлігін жария қылмаған және азаматты оқиға жайлы баяндауға көндіру қиынға түсіпті.
"Мен Оралдан Атырауға жұмысқа бару үшін жолға шыққанмын. Ақсуатқа жақын қалғанда арт жақта келе жатқан LADA Vesta белгі берді. Мен тоқтап, көлігімнің шамын тексердім. Бәрі дұрыс болды. Ол кезде Vesta алысқа ұзап кеткен еді. Ақсуаттан өткенде көліктер жанып жатқанын көрдім. Оқиға орнына жетіп, өрт сөндіргішпен „Вестаның“ отын өшіре бастадым, ал Priora қатты жанып жатты. Жалын күші қайтқанда, жүргізуші жақтағы есікті ашпақ болдым, ашылмаған соң жолаушы жағына бардым. Онда әйел адам отырды. Жүргізуші де, жолаушы да жараланған, әрі орындық пен панель арасына қысылып қалыпты. Біраз уақыттан соң есік әрең ашылды, жолаушыны шығарып, көліктің артына отырғыздым. Жүргізушіні жолаушы жақтан шығардым. Аяғы сынған екен, зиян тигізбеуге тырыстым. Оны машинадан барынша алыс жерге жеткізуге тырыстым, өйткені көлік жалындай бастаған еді. Машинаға қайта жақындап, артқы орындықта бала қалып қоймады ма екен деп қарадым, абырой болғанда, ешкім жоқ екен", — деді Нұрхат.
Нұрхат Жұбатов
Оның сөзінше, сол уақыт аралығында басқа жүргізушілер келген, алайда "Приора" толық өртке оранғандықтан, ондағы адамдарға көмектесе алмапты. Ер адам өзге жандарды құтқаруға барғанда, өз өмірі жайлы ойланбағанын айтты. Ол адамдардың жаралы және көмекке мұқтаж екенін көрген.